Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда және Алматы облысының полицейлері жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2022 21:29 Сурет: Алматы облыстық ТЖД
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі өңірдің полиция департаменті жүргізушілерге ауыл-аймақтан алыс жерлерге сапарлап шықпауға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы облысы ПД ЖПБ жол-техникалық инспекциясы бөлімінің хабарлауынша, алдағы күндері өңір аумағында ауа райы күрт суытып, сондай-ақ қатты жел тұрады. Жолдарда көктайғақ болып, қалың тұман басуы мүмкін.

Құтқару қызметінің хабарламаларына назар аударып, ауа райы нашарлаған кезде ауыл-аймақтан тыс алыс жерлерге сапарға шығу жоспарын кейінге шегере тұрыңыз, аса қажет болған жағдайда басқа транспорт түрін қолданыңыз. Ал жолға шығып кеткен болсаңыз, апатты жағдайды болдырмас үшін автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды сұраймыз, – деді Алматы облысы ПД ЖПБ бастығы Нұрлан Ысқақов.

Жолдарда патрульдік полиция нарядтары күшейтіледі.

Сондай-ақ, елордалық полицейлер қала тұрғындары мен автокөлік иелеріне ескерту жариялады.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көктайғақ) қаладан барлық бағыттарға шығатын жолдар жабылды. Жүргізушілерден алыс сапарға шықпауға кеңес береміз және қаладан шығу қажет болған жағдайда транспорттың басқа түрін пайдалануды сұраймыз, – делінген Нұр-Сұлтан ПД үндеуінде.

Полиция тұрғындарды балама жолдарды пайдаланып, бұрқасында жолға шығып кетпеуді сұрайды, өйткені жазық далада қарды бөгейтін бөгеттер жоқ, сол себепті қар құрсауында қалу қаупі жоғары. Тәртіп сақшылары, тіпті қалалықтардан қала масштабындағы жол жүрісін алдын ала жоспарлап алуға, ал барған жерінде көп аялдамай, үйге ертерек жетіп алуды сұрайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: