Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда полиция қызметкерінің куәлігін пайдаланып, алаяқтық жасағандар ұсталды

Қостанай, полиция қызметкері, полиция куәлігі, алаяқтық, алаяқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 17:55 Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ Қостанай академиясы қызметкерінің атын жамылған алаяқтар интернет арқылы жоқ тауарды сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкері Ерболат Қайнардың айтуынша, қылмыскерлер өздерін тараздық әріптесіңбіз деп таныстырып, алдап, оның қызметтік куәлігін алған.

Бірнеше сағаттан кейін интернетте қымбат жиһазды арзан бағамен сату әрі оны тегін жеткізу туралы хабарландыру жарияланған. Хабарландыруда полиция қызметкерінің мәліметі көрсетілген.

Ведомствоның мәліметінше, сенгіш азаматтар алаяқтарға жиһаздың жарты ақысын, кейбірі толық сомасын (30 мыңнан бір миллион теңгеге дейін) аударған. Күмәнмен қарағандарға алаяқтар полиция қызметкерінің жеке куәлігінің суретін жіберген.

Маған әр қаладан адамдар хабарласып, тауарларын талап ете бастады. Барлығы менің атымнан жиһаз сатылып жатқанын мәлімдеді. Болған жайттың мән-жайын анықтаған соң, бұл алаяқтардың ісі екені белгілі болды. Мен бірден Қостанай қаласы полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөліміне арыздандым, қылмыстық іс қозғалды. ҚР ІІМ Қостанай академиясының қызметкері Ерболат Қайнар

Полицияның баспасөз қызметі полиция қызметкерінің қызметтік куәлігі кері қайтарылғанын және оның енді жарамсыз екенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: