Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында есірткі тасымалы арнасын бір жолға қойған ҰҚТ мүшелері ұсталды

Ұйымдасқан қылмыстық топ, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 20:08 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Атырау облысында марихуана жеткізумен және облыс аумағында өткізумен айналысқан тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы құрылған жедел тергеу тобы бес айдан бері ұйымдастырушысы мен қатысушыларына қатысты жедел әзірлеме жүргізген.

Қылмыстық топтың қызметі нақты бір жолға қойылған. Топтың ұйымдастырушысы Қызылорда облысының тұрғыны, “Шымкент – Атырау” бағытындағы мартшрутты автобустар арқылы марихуананы жеткізудің тұрақты арнасын бір жолға қойған. Әрі қарай топтың басқа мүшелері оның нұсқауларын орындай отырып, тауарды қарсы алып, белгілі бір жерде сақтаған. Содан кейін мекен-жайларға таратып, есірткіні сатудан түскен ақшаны жинап, картаға аударып отырған. Анықталған құқыққа қайшы әрекеттен түскен табыс алты миллион теңгеден астам соманы құрады. ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев

Айта кетейік, топтың қатысушылары – еліміздің Қызылорда, Қарағанды және Атырау облыстарының тумалары. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 262-бабымен “Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу”  сотқа дейінгі тергеу басталды.

Топтың ұйымдастырушылары мен қатысушылары мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: