Батыс Қазақстан облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

Төтенше жағдай Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев шығын көлемін бағалайтын және халықты қолдау бойынша шешім шығаратын арнайы комиссия құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО әкімдігі Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды "Хабар 24 ".

Шалғын ауылындағы 25 үй мен мектепті қызыл су алып кетті. Ғимараттардың жерден жарты метр биіктігіне дейін су толған. Ауылдардан 57 адам эвакуацияланды, 30 бас қой мен ешкі өлді.

Науқастар мен жүкті әйелдер де эвакуацияланды, азық-түлік жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

Шыңғырлау ауданында Сегізсай ауылынан аудан орталығына дейінгі жолды су шайып, көлік қатынасы үзілді. Ауылға кіре берістегі көпірі бұзылған Алмаз ауылындағы жағдай да осындай.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев шығын көлемін бағалайтын және халықты қолдау бойынша шешім шығаратын арнайы комиссия құрылатынын мәлімдеді.

БҚО ТЖД басшысы Ернұр Өтегенов басқа елді-мекендер де бақылауға алынғанын жеткізді.

Бұл - солтүстік аумақтар, атап айтқанда, қары қалың Тасқала, Бәйтерек, Теректі, Бөрлі , Сырым аудандары. Ернұр Өтегенов

Өңірдің ТЖД басшысы құбырларды тазалау және суды сору жұмыстары жалғастырылатынын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз