Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды

жаңа қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 13:57 Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
Президенттің жарлығымен бұған дейін әкім болған Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Бұйрық Ақорда сайтында жарияланған.

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев 1976 жылы 13 қазанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған.

Еңбек өтілі:

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін (1997) «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша; Қызылорда гуманитарлық заң университетін (2003) «Заңғылымы» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.

1997 жылдан - «Қазақойл-коммерция» ЖШС мұнай өндіру бойынша сарапшысы.

1998 жылдан - «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары.

1999 жылдан - «Стандарт Ойл Бейс» ЖШС директоры.

2001 жылдың наурызынан - «Стандарт Ойл» ЖШС директоры.

2001 жылдың кыгжуйегінен - «Станлаот Ойл Трейдинг» ЖШС директоры.

2002 жылдан - «Харрикейн Ойл Продактс» ЖАҚ Қызылорда филиалының директоры. 2002 жылдың қазанынан - «Қызылорда Мұнай Сервис» ЖШС бас директоры.

2005 жылдың тамызынан - Қызылорда қаласы әкімінің орын- басары, қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

2005 жылдың қазанынан - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.

2007 жылдан - Қызылорда облысының әкімі аппаратының жетекшісі.

2008 жылдан бері - Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021 жылғы 1 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: