Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Атырау облысының әкімі, ҚР президентінің жарлығы, Жарлық, Атырау облысы Сурет: gov.kz
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылсын, – делінген Жарлық мәтінінде.

С. Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған.

Білімі:

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.

  • 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

  • 2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

  • 2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.

  • 2018-2020 Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

  • 2020-2021 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (18.01.2021, 11.01.2022 бастап қайта тағайындалды).

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз