Жаңалықтар тізбегі
0

Головкин–Мурата жекпе-жегін қамтитын бокс кешінің трансляциясы басталды

Геннадий Головкин , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2022 15:48 Сурет: Instagram/saitama-super-arena
"Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары Сайтама қаласында (Жапония) өтіп жатқан Геннадий Головкин — Риота Мурата қатысатын бокс кешін трансляциялай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sport.kz мәліметінше, бұл айтулы кеште барлығы үш титулдық жекпе-жек жоспарланған.

Біріншісінде жапондық боксшылар Сюитиро Есино (14-0, 11 КО) және Масаюки Ито (27-3-1, 15 КО) жеңіл салмақтағы WBO Asia Pacific және OPBF титулдарына өзара таласады, екіншісінде рингке жергілікті спортшы шығады: Дзюнто Накатани (22-0, 17 КО) және Риота Ямаучи (8-1, 7 КО) жеңіл салмақтағы WBO әлем чемпионы белбеуін додаға салады, ал кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және жапондық Риота Мурата (16-2, 13 КО) WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін таласатын болады. Головкин — Муратаның жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 18:10-да басталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: