Жаңалықтар тізбегі
0

Заңғар Нұрланұлы Португалиядағы теннистен супер турнирдің финалисі атанды

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2022 18:22 Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Португалияның Майа қаласында Tennis Europe сериясы бойынша жасөспірімдер арасында дәстүрлі халықаралық супер турнир мәреге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚТФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің жасөспірімдер арасындағы бірінші ракеткасы, Еуропа рейтингісінің чемпиондық кестесінде көш бастап келе жатқан Заңғар Нұрланұлы словениялық Зиго Шешкомен бірге жұптық сында финалда германиялықтар Диего Паломеро – Нильс Макдонольдпен бас жүлдені сарапқа салды.

Үш сағатқа созылған тартысты мачта қазақстандық-словениялық жұп қарсыластарына жол берді – 6:1, 5:7, 5:10.

Алматы қаласының 13 жасар түлегі үшін бұл жұптық сындағы алтыншы финалы еді, соның үшеуінде Заңғар жеңіске жетті. Сонымен қатар ол жекелей сында бес рет чемпион атанған болатын.

Енді Қазақстанның жас жұлдызы 18 сәуірде Үндістанға аттанады. Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының іріктеу сайысында ел намысын қорғайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: