Қырғыз елінен Қазақстанға өту немесе кері келудің тәртіптері бекітілді

Жаңа қаулы Сурет: gov.kz
Қырғыз Республикасы COVID-19 бойынша штабы Қазақстанмен арадағы құрлық шекарасының ашылуына байланысты ережелер бекіттті, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kg мәліметінше, құжатта мемлекеттік шекараны халықаралық авиарейстермен және автокөлікпен автомобиль өткізу пункттері арқылы кесіп өткен кезде Қырғызстан азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар (соңғы 72 сағат ішінде алынған) немесе вакциналаудың толық курсынан өткендігін растайтын анықтаманы ұсынуы тиіс екендігі көрсетілген.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары құжаттардың цифрлық нұсқасын "COVID-19-сыз саяхаттаймын" мобильді қосымшасынан көрсете алады.

Ұшақ бортында маска тағу және антисептиктерді қолдану міндетті, ұшаққа COVID-19-дың клиникалық белгілері көрініс таппаған жолаушылар ғана жіберіледі. ПТР-тестінің қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда (72 сағат) объективті себептер бойынша жолаушылар экспресс-тестілеуден өтуге міндетті.

12 жасқа дейінгі балаларға ПТР-тест немесе вакциналаудың толық курсын алғаны туралы анықтаманың қажеті жоқ.

Шет елдерге ұшар алдында азаматтар бара жатқан шет мемлекеттің қолданыстағы ережелерімен алдын ала танысуға кеңес беріледі.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз