Есеп комитеті Атырау облысында 10 млрд теңге болатын заң бұзушылықты анықтады

Есеп комитеті, Атырау облысы, заң бұзушылық Сурет: freepik
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы желтоқсанда Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есеп комитетінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік аудит барысында құрылыс қызметі саласында және денсаулық сақтау саласында бір қатар бұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты Атырау облысының әкімдігіне 10 035, 9 млн. теңге мөлшерінде анықталған бұзушылықтар сомасын қалпына келтіру және өтеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды, – делінген хабарламада.

Ведомство қазіргі уақытта Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 8 618, 5 млн теңге қалпына келтіріліп, 7,1 млн теңге өтелгенін атап өтті.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз