Жаңалықтар тізбегі
0

Лаңкестер мен экстремистердің Қазақстанға кіруіне тыйым салынады

Аэропорт Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2022 14:17 Сурет: Zakon.kz
ҚР парламент мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулерді таныстырған мәжілісмен Ғазиз Құлахметов құжатта халықты құжаттандыру рәсімдерін оңтайландыратын және кейбір заңнамалық актілерде ескерілмеген тұстарды жүйелейтін ұсыныстар бар екенін айтты.

Заң жобасын әзірлеудің алғышарттары қолданыстағы заңнаманы Қазақстан Конституциясына сәйкес келтіру үшін адам құқықтарын қорғауды одан әрі жетілдіру, Қазақстан азаматтарының көші-қон мәселелерін мемлекеттік реттеуді жетілдіру және құқықтық олқылықтарды жою, сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік мүдделерді қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет болды.

Естеріңізге сала кетейін, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 шілдедегі «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Ішкі істер министрлігіне жатпайтын кейбір функциялар мен құзыреттер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Енді министрлік босқындар мәселесі, еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту, көші-қон процесін реттеу шараларын әзірлеу және осы мәселе аясында ведомстволық үйлестіру жұмысын жүргізеді. Бұл мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған көші-қон тұжырымдамасында да реттеледі.ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Ғазиз Құлахметов

Бұл ретте ол заң жобасының негізгі ережелеріне тоқталды. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңның 3-бабы конституциялық нормаға сай жасалды.

Заңның 3-тармағында «шетелдіктердің құқықтық жағдайының қағидаттарына сену» деген ұғым жоқ. Бұл құқықтық олқылық жойылуы керек. Конституцияның 14-бабында «Заң мен сот алдында әркім тең» делінген. Ешкімді тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына байланысты кемсітуге болмайды. «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 1-бабына сай шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстанға уақытша немесе тұрақты тұруға келген көшіп келушілер болып саналады. Сондықтан еңбек шартын мерзімінің өтуіне байланысты немесе берілген құжат немесе азаматтығы жоқ екені туралы анықтап, біржақты бұзу мүмкіндігін қарастыруы қажет.Ғазиз Құлахметов

Сонымен қатар балаларға шетелдік төлқұжаттарды беру кезіндегі мемлекеттік баж салығын төмендету туралы ұсыныс айтылды. Парламент 2020 жылдан бастап ата-анасының төлқұжатына 16 жасқа толмаған балалардың суретін салып, тиісті жазба жасауға рұқсат беретін норманың күші жойылғанын еске салды.

Пана іздеушілерді тұрғылықты жерінің аумағында тіркеу және тәртібін бекітуді Ішкі істер министрлігінің құзырына тапсырған жөн болар еді. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» заңдар шетел азаматтарының елге келуіне тыйым салатын негіздермен толықтырылды. Осылайша шетел азаматтары мен тұлғаларының экстремизмге, терроризмге немесе Қазақстанда экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатысуы туралы ақпарат негізінде шетел азаматының елге келуіне тыйым салынады. Сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік органдарына бұл тыйымның себебін түсіндірмеу құқығын ұсыну да қарастырылады.Ғазиз Құлахметов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: