Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды

Маңғыстау облысы, шаңды дауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2022 16:27 Сурет: Instagram/mangystau_tjd
Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды. Осыған орай облыстық полиция департаменті жүргізушілерді аса қажет болмаса, жолға шықпауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Инспекторлар жол ережесін мүлтіксіз сақтауға, жылдамдықты шектен асырмауға шақырады. Маңғыстау облысының полиция департаменті

Маңғыстау облысы, шаңды дауыл, ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2022 16:27

Сурет: Маңғыстау облысы полиция департаменті

Маңғыстау облысында бір күн бұрын дауылды ескерту жарияланды. Шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан күшті жел соғады.

Ақтау қаласында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Дауыл қаупі төнген кезде балкондар мен лоджияларды тексеру керек. Барлық жеңіл және үлкен нәрселерді бекіту керек, болмаса бөлмеге кіргізіңіз. Жеке көліктерді ағаштар мен тозығы жеткен ғимараттардан алыс ұстаңыз. Әйнекті мүмкіндігінше сынудан сақтаңыз және терезе жақтауларын бекітіңіз. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Төтеншеліктер ескертеді: қатты желде үйлердің қабырғасына жақын жерге тығылмаңыз, өйткені төбеден шатыр немесе басқа да материалдар құлауы мүмкін. Балаларды қараусыз қалдырмау қажет, аса қажет болмаса,көшеге шықпаған жөн.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: