Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды

Кадрлық тағайындау Сурет: Антикор
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2022 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығы бойынша бірқатар кадрлық тағайындау жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрлық өзгеріс ҚР Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиясының ұсынымына сәйкес жүзеге асырылғаны атап өтіледі.

Сонымен:

  • Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі- Агенттік) Превенция қызметінің басшысы - Мұрат Жамбылұлы Ахметов

  • Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы - Мұрат Секешұлы Қарымсақов

  • Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы - Асхат Оразханұлы Оразхан

  • Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы - Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев

  • Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы - Досанов Ерлан Азаматұлы

  • Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы - Денис Владимирович Шакенов

  • Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - Болат Нұрғазыұлы Жилқибаев

  • Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев тағайындалды.

  • Сонымен қатар, агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы болып Урумханов Мұрат Жәлелұлы тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз