WhatsApp әлеуметтік желілердің аналогына айналады

WhatsApp әзірлеушілері мессенджердің жаңартылатыны туралы хабарлады. Негізгі өзгерістердің бірі – әлеуметтік желілерге ұқсас қауымдастықтар пайда болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ, 4pda.to сайтының жазуынша, енді WhatsApp-та көлемі үлкен файлдарды жіберуге мүмкіндік туады.
Тағы бір жаңалық ата-аналар, көршілер тобы үшін топтық чат құруға болады.
Бұл хабар алмасуды ыңғайлы етіп, хабарламалардың хат алмасу панелінде жоғалып кетпеуіне септігін тигізеді.
Жаңа мүмкіндіктердің нақты қай күннен бастап енгізілетіні белгісіз.