Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары жаңадан тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 19:41 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Тәшімбаевты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары етіп тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды, делінген хабарламада.

Бұған дейін ол ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болған.

Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев 1965 жылы қыркүйекте Алматыда дүниеге келген

Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласы Фрунзе аудандық прокуратурасының тергеуші қызметінің стажері болып бастаған. Прокуратура тергеушісі, Алматы қаласы Фрунзе аудандық прокурорының көмекшісі және Алматы облысы Іле ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекші және орынбасары болып жұмыс істеген.

Әр жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі жауапты қызметтерді атқарды, Алматы қаласы Түрксіб және Бостандық аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды.

2007-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі болды.

2012 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Бас прокуратурасы жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің басшысы болып еңбек етті.

2016 жылдан 2020 жылдың ақпан айын дейін Ақмола облысының прокуроры болды;

2020 жылдан бастап осы күнге дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары болып келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: