Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда алаяқ келіншек өзгелердің сеніміне кіріп, 6 млн теңге иеленген

Алаяқ келіншек, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2022 21:41 Сурет: Zakon.kz
Қостанайда ірі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқтың тұзағына Қостанайдың 20 шақты тұрғыны түскен. Істі зерделеумен қалалық полиция басқармасының Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері айналысты. Көп эпизодты іс тергеліп, сотқа жолданды.

33 жастағы келіншек таныстарына ауылдан жылқы еті келе жатқанын, ет сататынын айтып, сенімдеріне кіріп, олардан ақшаның бір бөлігін немесе барлығын алдын ала аударуды сұрайды. Келтірілген шығын көлемі 4 миллион теңгеден асады.

Сондай-ақ ол екі туысының телефондарын пайдалана отырып, олардың бірінің атына 1 млн 300 мың теңге және тағы біріне 1 млн 420 мың теңге сомасында несие ресімдеп алған. Сонымен қатар, алаяқ келіншек досынан 500 мың теңге алып, екі жыл бойы қайтармай жүр. Солтүстік ПБ тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары Мақсат Әскер

Қазір іс ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы "Ұрлық немесе алдау арқылы бөтеннің мүлкіне деген құқықты пайдалану не болмаса өзіне артылған сенімді теріс пайдалану және бірнеше рет алаяқтық" бойынша сотта қаралып жатыр.

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбековтың атына зардап шеккендерден алғыс хат келіп түсті, онда қылмыстық істі тергеу кезінде полицейдің кәсібилігі атап өтілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: