Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда прокуратураның жұмысы қайта қаралуы мүмкін

Прокуратура, "Прокуратура туралы" заң, талқылау, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2022 17:41 Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
Бас прокуратура «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңының жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әзірлеушілер атап өткендей, қазіргі заманғы сын-қатерлер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуді және жоғары қадағалау органын жаңғыртуды, прокурорлар қызметінің кепілдіктерін нығайтуды талап етеді.

«Прокуратура туралы» жаңа заңда заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пәрменді құралдар мен тетіктерді бекіту жоспарланған.

Атап айтқанда, прокурор актілерінің қолданыстағы жүйесін тәртібі қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларымен реттелетін қылмыстық қудалау саласындағы актілермен толықтыру ұсынылады. Бұл ұсыныстар қолданыстағы заңнамаға енгізілген жаңалықтарға қатысты.

Институционалдық өзгерістермен қатар прокурорлық қадағалау актілерінің жүйесін кеңейту ұсынылады. Бұл актілер азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін жылдам қорғау мақсатында (мысалы, жалақы төлемеу фактілері бойынша және т.б.) оларды жою кейінге қалдыруға болмайтын айқын сипаттағы заң бұзушылықтарды жою үшін пәрменді болуға тиіс.

Сонымен қатар прокуратура қызметінің құқықтық кепілдіктерін күшейту жоспарланған.

Әзірлеушілердің айтуынша, қолданыстағы заңнама прокуратураның конституциялық әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Сондай-ақ тексеру жүргізу және тағайындау тәртібін қайта қарау қажет.

Құжат 16 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: