Алматы облысында тауар тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

өрт сөндіруші Сурет: Қарағанды ​​облысының ТЖД
Алматы-Өскемен тас жолында халық тұтынатын тауарлар тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Өрттің шығу себебі анықталуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 сәуір күні сағат 20:53-те Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші байланыс пультіне Алматы облысынан 93 км жердегі Байсерке ауылының тас жолында халық тұтынатын тауарлар тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенді деген хабарлама келіп түсті. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Өрт сағат 21:59-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Тілсіз жауды сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз