Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның ауылдарында жұмыссыздық деңгейі өсіп жатыр

ауыл, егін, трактор, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2022 12:47 Сурет: primeminister.kz
Мәжіліс депутаты Альберт Рау ауылдағы өзекті мәселелердің бірі халықты жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру екенін айтты. Дегенмен, ауылда жұмыспен қамтылғандар саны жылдан жылға азайып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2020 жылдың қорытындысына сай ел бойынша ауылдық жерлердегі жұмыссыздық деңгейі – 4,8%. Біз мемлекет есебінен барлығын шешуге болатынын түсінуіміз керек: көшелерді, мектептерді жөндеу, сумен қамтамасыз ету. Бірақ ауыл тұрғынының тұрақты табысы болмаса, бізде қазір орын алып отырған көші-қон мәселесі жалғаса береді.Альберт Рау

Депутаттың айтуынша, бүгінде ауылда 3,6 миллион адам жұмыспен қамтылған. 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2,7%-ға төмендеген. Өз кезегінде, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны шамамен – 1,2 миллион адам. Бұл экономикалық белсенді халықтың 34%-ына тең.

Ауылдағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды тарту бойынша серпіліс пен нақты жоспарлар жоқ, – дейді Альберт Рау.

Мәжілісмен ауыл жастарына да ерекше көңіл бөлу керек екенін, олардың арасында жұмыссыздық қаладағыға қарағанда айтарлықтай жоғары екенін айтты.

Сондықтан қазір ауыл жастарының көбі жақсы өмір іздеп, қалаға кетіп жатыр. Олардың кәсіптік білім деңгейі жеткіліксіз, жақсы жұмысқа орналаса алмайды. Бірақ дәл сондай жастардың ауылда тұрып, жақсы табыс тауып, жұмыс істеп жатқандары бар.Альберт Рау

Бұған дейін мәжілісмен «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын қаржыландырудағы жүйеліліктің болмауы бюджет қаражатының шашылып, түпкілікті нәтиженің болмауына және әлеуметтік шиеленістің туындауына әкеліп соқтыратынын айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: