Жамбыл облысында зауыттан құны 3 миллион теңгеге жуық зат ұрланды

Ұрлық Сурет: Zakon.kz
Күдіктілер ұсталып, кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл аудандық полиция бөліміне ұрлық фактісіне қатысты ЖШС директоры арызданды. Оның айтуынша, 13 сәуірде белгісіз біреулер зауыт аумағынан жалпы құны 2 млн 700 мың теңге болатын 100 шаршы метрлік конвейер таспасын ұрлаған.

Полицейлер аталған кәсіпорынның екі қызметкері – 26 және 30 жастағы Тараз тұрғындарын ұстады. Ер адамдар өз кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында полицейлер күдіктілер ұрланған таспаны 900 мың теңгеге сатқанын, ал ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын анықтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз