Миялыда дүниеге келген сәби перзентханадан үйіне қайықпен шығарылды

Атырау облысы, төтенше жағдай, перзентхана Сурет: Атырау облысы ТЖД
26 сәуірде құтқарушылар Миялы ауылында дүниеге келген нәрестені анасымен бірге қайықпен алып шықты. Жолдың арғы бетінен оларды туыстары сән-салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойыл өзенінің тасуы салдарынан жол қақ айырылған еді. Жолдың арғы бетінде қалғандар жолдың бергі бетіне құтқарушылардың көмегімен қатынап жатыр.

Аудан орталығымен байланысу үшін жолдың жарылған жеріне құтқарушылары бар моторлы қайық жеткізіліп, жергілікті халықты тасымалдады. Қазіргі уақытта 4172 адам тасымалданды, оның ішінде 78 бала мен бес сәби бар.Атырау облысы ТЖД
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз