Қазақстан халқы балық пен теңіз өнімдерін аз тұтынатын болған

Статистика Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда 2020 жылмен салыстырғанда тамақ өнімдерін тұтыну деңгейінің төмендеуі тіркелді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2020 жылмен салыстырғанда былтыр қант және кондитер өнімдерінен басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің төмендеуі байқалды. Ұлттық статистика бюросы

Азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну

(халықтың орташа жан басына шаққанда, кг)                                                                       

Тамақ өнімдері

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

Маңызы бар азық-түлік өнімдері топтарының ішінде тұтыну көрсеткіші сүт және сүт өнімдеріне 6,3%, нан және жарма өнімдеріне 4,7%, ет және ет өнімдеріне 1,7% төмендеген.

2021 жылы бір айда орташа есеппен халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы: картоп – 3,9 кг, бірінші сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,8 кг, сиыр еті – 2кг, алма - 1,6 кг, күріш, құмшекер – 1,3 кг, шикі сүт, айран – 1,3 л, жұмыртқа – 16,2 дана, макарон – 0,9 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг, қара шай  – 0,1 кг. Ұлттық статистика бюросы

Қала және ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын тұтыну көрсеткішін салыстырғанда ең жоғары айырмашылық жұмыртқа, нан және жарма өнімдері, сондай-ақ жемістерді тұтыну бойынша байқалады.

Қалалық және ауылдық жерлерде азық-түлік өнімдерін тұтынуы

(халықтың орташа жан басына шаққанда, есе)   

   

Тамақ тұтынысы

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

                                                             

Ең аз және ең көп тұтынылатын тамақ өнімдерінің негізгі топтарын жан басына шаққандағы тұтынудың аймақтық аспектісін ескере отырып, келесі жетекші аймақтарды атап өтуге болады:

Азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша деректер тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген.

Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну – қарастырылып отырған кезең ішінде үй шаруашылығының бір мүшесінің тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) орташа саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін тұтыну көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну компоненттерді бастапқы өнімге қайта санауды ескере отырып есептеледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз