Қытайда H3N8 құс тұмауын жұқтырған алғашқы оқиға тіркелді

құс тұмауы Сурет: pixabay
Хэнань провинциясында бір адам H3N8 құс тұмауын жұқтырды. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құс тұмауын жұқтырудың бірінші оқиғасы Чжумадянь қалалық ауданында тұратын төрт жасар балада тіркелді. Ол үй құстары мен жабайы үйректермен байланыста болған, деп жазады ria.ru.

Қызба түріндегі тұмаудың алғашқы белгілері 5 сәуірде пайда болды. Баланың жағдайы нашарлап, 10 сәуірде ол ауруханаға жатқызылды. Анализден кейін балада H3N8 инфекциясы бар екені анықталды.

Сарапшылардың алдын ала бағалауы бойынша, H3N8 тұмауының вирусы құстарда болады және бұрын адамдарға тиімді түрде жұқпайтын болған. H3N8 вирусы бүкіл әлем бойынша жылқыларда, иттерде, құстар мен итбалықтарда табылды. Бірақ адамдарда H3N8 ауруы тіркелмеген, делінген хабарламада.

Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік комитетінің мәліметінше, вирустың кең ауқымда таралу қаупі төмен.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз