Жаңалықтар тізбегі
0

«Мектепті жақсартуға көмектес!»: еліміздегі асханалар мен дәретханалар бақыланады

Балаға лайық, науқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 17:29 Сурет: Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті «Балаға лайық» республикалық акциясын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Науқанға кез келген ниет білдіруші: мектеп оқушылары, еріктілер, балалар өкілдігі, мұғалімдер, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және тағы басқалар қатыса алады.

«Check your school» атты бірінші кезеңнен басталатын науқан шарттары мынадай:

  • Қатысуға ниет білдіргендер 8 700 6990446 нөміріне WhatsApp пен Telegram-ға және https://t.me/Balagakz_bot - сілтемесіне нормаға сәйкес келмейтін немесе талап сақталмаған мектеп дәретханалары мен асханаларының фото және видеоларын жібере алады.

  • Сонымен қатар Instagram, Tiktok әлеуметтік желілеріне #БалағаЛайық #balagalaiyq хэштегімен жүктеп жібере алады.

Осыған дейін министрлік бірқатар өңірге әкімдіктердің құзырындағы мектеп дәретханалары мен мектеп мәзірін жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін хат жолдаған еді. Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасарының айтуынша, акция жазалау үшін емес, қоғамды бірлесіп балаларға қажет жағдай жасауға тарту үшін жүргізіледі.

Кейін фотолар мен видеолар бұзушылықтарды жою талаптарымен өңірлердің Білім басқармаларына жолданады. «Қатемен жұмыс» жүргізілгеннен кейін Instagram-дағы @balaga.laiyq парақшасында мектеп дәретханалары мен асханаларының «дейінгі және кейінгі» фотолары мен видеолары жарияланады. Баршаңызды науқанға белсене қатысып, білім беру ұйымдарын жайлы әрі қауіпсіз етуге шақырамыз.Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: