ҚР БҚДА: «Алтын Орда» базарына қатысты тексеру шаралары әлі жүргізіліп жатыр

Мониторингі Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) талдау нәтижелері бойынша прокуратура органдарымен бірлесіп көтерме-әмбебап базарларға тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚДА нақтылап өткендей, монополияға қарсы заңнама мәселелері бойынша тексеру нысаны - асыра жоғары бағаларды белгілеу, қолжетімділікті шектеу, бағаларды үйлестіру, талаптар қою.

12 ескерту хабарламасы толтырылды: бесеуі – Шымкентте, атап айтқанда, бәсекелестікке қарсы тікелей келісімдер жасау белгілері бойынша "Орталық жоғарғы базар", "Самал транзит", ТАиМ, Auto house limited, "Бекбосынов" ЖК, тағы бесеуі – ШҚО-да ("Орталық базар" ЖШС, "Заречный базар" ЖШС, "Мереке" ЖШС, "Жаңа базар" ЖШС, "ТМТ Company" ЖШС), біреуі – Ақтөбе облысында ("Табыс" базары) үстем жағдайларын теріс пайдалану белгілері бойынша, тағы біреуі – БҚО-да (Ел-Арыс) адал бәсекелестікке қайшы белгілері бойынша. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, азық-түлік тауарларына арналған сауда базарларындағы алаңдарды жалға алуда монополиялық жоғары бағаны белгілеу бөлігі бойынша үстем жағдайын теріс пайдалануға қатысты үш тергеу ісі қолға алынды:

  • Атырау облысында ( "Дина" базары);

  • Маңғыстау облысында ( "Мағаш" базары);

  • Нұр-Сұлтанда ( "Шарын" базары).

Алматы облысында өңірлік прокуратурамен бірлескен "Altyn Orda QazTrade Ltd" ЖШС ("Алтын Орда" базары) қызметін тексеру шаралары әлі жүргізіліп жатыр, оның әрекеттерінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігіне қатысты бұзушылық белгілері байқалады. БҚДА баспасөз қызметі

Павлодар, Қостанай, Жамбыл облыстары бойынша БҚДА департаменттері жүргізген талдау нәтижелері бойынша прокуратура органдарына өз қорытындыларын жолдады.

8 ақпанда Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде сауда саласында тәртіп орнатуды тапсырған еді. Мысал ретінде ол Алматыдағы "Алтын Орда" базарын алға тартты. Президент бұл жер алыпсатарлар үшін тәтті бәлішке айналғанын атап өтті.

13 сәуірде "Алтын Орда" базарын тексерудің алдын ала нәтижелері жарияланды. Салық органдарының өкілдері 1,6 млрд теңгенің бұзушылығын анықтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз