Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептерде емтихан қашан басталады

ҚР Білім және ғылым министрлігі, оқу жылы, емтихан, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 15:17 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен 2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдері бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында сабақ 2022 жылғы 25 мамырда аяқталады.

9 (10) сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары –

2022 жылғы 28 мамыр – 6 маусым аралығы;

11 (12) сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары –

2022 жылғы 27 мамыр – 10 маусым аралығы.

Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілді:

9 (10) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:

  • қазақ/орыс/ұйғыр/өзбек/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2022 жылғы 28 мамыр;

  • математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2022 жылғы 31 мамыр;

  • орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2022 жылғы 3 маусым;

таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Әдебиет (оқыту тілі бойынша), Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика) бойынша жазбаша емтихан – 2022 жылғы 6 маусым.

11 (12) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:

  • алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 2022 жылғы 27 мамыр;

  • қазақ/орыс/ұйғыр/тәжік/өзбек тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 2022 жылғы 30 мамыр;

  • Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2022 жылғы 2 маусым;

  • орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі және әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі және әдебиетінен жазбаша емтихан – 2022 жылғы 7 маусым;

  • таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Әдебиет, Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), (Информатика) бойынша жазбаша емтихан – 2022 жылғы 10 маусым.

Білім алушыларды қайта қорытынды аттестаттау санитарлық талаптарды сақтай отырып, орта білім беру ұйымдары айқындаған мерзімде өткізіледі.

Білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8, 10-сыныптарда білім алушылар үшін 2022 жылғы 26 мамырдан бастап 17 маусым аралығында Жазғы мектеп ұйымдастырылады.

Бұйрық 2022 жылғы 8 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: