Ақтөбеде мекеме қызметкерлері мүгедек балаларға күш қолданады деген күдікке ілінді

Ақтөбедегі арнайы мекемеде тәрбиешілер Даун синдромына шалдыққан балаларды азаптап-қорлап келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылдың 28 сәуірінде Ақтөбе қаласы Астана ауданының прокуратурасына мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған тәрбиеленушілерге қатысты күш қолданатыны туралы ескерту келіп түсті.
Прокурорлар ақыл-есі кем, БЦП, Даун синдромы, туа бітті сал ауруына шалдыққан балалар тұратын "№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-ге барды.
Бейнебақылау камераларын зерделей келе, орталық қызметкерлері кәмелетке толмаған тәрбиеленушілерге қатысты бірнеше рет ұрып-соғу, өзге де күштеу әрекеттерін қолданғаны анықталды.
Аталған факті бойынша аудандық прокуратура Қылмыстық Кодекстің 110-бабының 2-бөлігі ("Азаптау") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу жүргізу үшін қылмыстық іс материалдары Ақтөбе қалалық полиция басқармасына жолданды. Ақтөбе облысының прокуратурасы
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
0
Толық оқу