Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда полиция қолдан ақша жасаушылардан 55 мың жалған доллар тәркіледі

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 23:57 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астанада ақшаны қолдан жасаушылар ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорданың әккі тұрғындарынан сапасы өте жақсы 55 мың доллар тәркіленді, деп хабарлайды Astana TV.

Қылмыскерлер жалған ақшаны өткізудің әртүрлі арналарын қолданған. Жалған ақшаны айырбас пункттеріне өткізіп, жеке тұлғаларға сатып, букмекерлік кеңселерде айырбастап, тіпті банктік шоттарға салуға да милары жеткен.

Судья жастардың талантын шартты түрде бес жыл деп "бағалады".

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық соты Чекиева, Иманбаева, Жомарт, Төлеутай сынды азаматтарға бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Экономикалық тергеу департаментінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тергеушісі Жалал Акматов

Елордалық Экономикалық тергеу департаменті азаматтарды сақ болуға және бөтен адамдардан шетел валютасын сатып алмауға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: