Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті

Арнайы шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2022 17:05 Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің ең үздік қызметкерлері арасында "Жігіт сұлтаны" байқауы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқау барысында әрбір қызметкер өзінің жауынгерлік дайындығын, спорттық әрі мергендік шеберлігін көрсете білді. Жігіттер тек жауынгерлік және қызметтік дайындық деңгейінде ғана емес, сонымен қатар шығармашылық жағынан да сыналды.

Облыстың барлық мекемелерінің 10-ға жуық үздік қызметкері жарысқа қатысуға ниет білдірді. Байқаудың бірінші кезеңінде ішкі істер органдарының ардагерлерінен тұратын қатаң қазылар алқасы қызметкерлердің дене дайындығын бағалады. Қызметкерлер күштік жаттығулар мен қысқа қашықтыққа жүгіру бойынша нормативтерді тапсырды. Байқау қызметтік қарудың материалдық бөлігінің білімін тексерумен, сондай-ақ тапаншаны уақытқа жинап, бөлді. Атыс алаңында қатысушылар мергендік шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, олар вокалдық қабілеттерімен және ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау қабілетімен таң қалдырды. ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев

Жігіт сұлтаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2022 17:05

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Байқаудың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті ОВ 156/2 мекемесінің инспекторы әділет капитаны Ернар Ашербаев жеңімпаз атанды.

Ол биыл 40 жасқа толды. Ернар жасына қарамастан үлгілі қызметкердің барлық сапасын жақсы меңгерген. Ол ізін басып келе жатқан қызметкерлерге үлгі. ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі

Байқау қорытындысы бойынша бірқатар қызметкерлер бірнеше номинация бойынша атқыш, жылдам жүгіретін және сегіз қырлы, бір сырлы жігіт ретінде марапатталды.

Арнайы шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2022 17:05

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: