Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылдықтар бірлік мерекесін кең көлемде атап өтті

Мерекелік шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 12:48 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Таразда  1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында «Бірлігі жарасқан жаңарған Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындары мен қонақтары қалың жиналған  «Жастар» аллеясында өткен шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады.

Еліміз үшін бұл мерекенің орны бөлек. Ынтымағы жарасқан елде ғана тұрақтылық сақталып, болашақтың дамуы баянды болатыны белгілі. Елдегі ұлтаралық татулықтың үлгісі де осының негізі. Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі бола білді. Мемлекетіміздің жетістігіне айналған қоғамдық келісім елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мен негізіне айналды. Ынтымағы жарасқан Жамбыл жерін мекен еткен сексеннен астам этнос өкілдері ортақ Отанымыздың тыныштығы мен тұрақтылығына атсалысуда. Экономиканың қай саласында болмасын елеулі еңбектің үлгісін көрсетуде. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов

Мерекелік шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 12:48

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, өңірде барлығы – 75 этномәдени бірлестіктер бар. Облыстағы түрлі этнос өкілдерінен өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясына 39 мүше енгізілген.

2020 жылы басталған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы нәтижелі жұмыс жүргізуде. Жоба аясында 300-ден аса елді мекенде кездесулер мен қабылдаулар өткізіліп, жұртшылықтың көкейіндегі мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, түрлі сала мамандары өз бағыттары бойынша көмек көрсетті.

«Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау» - Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз, - деген аймақ басшысы бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті екендігін айрықша атап өтті.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов қоғамның бірлігі мен дамуы жолында елеулі еңбек етіп жүргін азаматтарға марапаттар табыстады.

Бірлік күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 12:48

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атап айтқанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің  әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен «Вайнах»  Жамбыл шешен-инғұш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Рамзан Магомадов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешенінің бөлім бастығы Николай Гусев, Шу аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Ауесхан Келгенбаев, «Та-Мак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Гүлмира Қоңқашева, «Соседушки» халықтық фольклорлық ансамблінің мүшесі Ольга Попова марапатталды.

Бұдан бөлек бірқатар азаматтар ҚР Құрмет грамотасына, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медаліне және Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды.

1 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 12:48

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мерекелік шара этномәдени бірлестік  өнерпаздарының және К.Әзірбаев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Сондай-ақ, аллеяда түрлі ұлт өкілдерінің қолөнер шеберелерінің көрмесі, қызықты спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Дәл осындай бағдарламалар Тараз қаласының басқа да аймақтары мен облыстың барлық аудандарында да өтіп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

1 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 12:48

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: