Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР мен ГФР өкілдері энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Отырыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2022 19:32 Сурет: pixabay
4 мамырда Энергетика министрлігі Германияның Экономика және климатты қорғау Федералдық министрлігімен бірлесіп, «Қазақстан-Германия» энергетикалық диалогы шеңберінде жұмыс тобының отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ тараптар екі елдің энергетика саласын дамытудың өзектілігін атап өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сектораралық энергия тиімділігін арттыру, сутегі энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту сияқты тақырыптарды талқылау.

2019 жылы Қазақстанның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың 2022-2026 жылдарға арналған салалық Жол картасы шеңберінде ұзақ мерзімді ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында Қазақстан мен Германия арасында «Энергия үнемдеу және тиімділігін арттыру саласындағы стратегиялық әріптестік туралы» меморандумға қол қойылған болатын.

Отырысқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ, сондай-ақ «Ядролық физика институты» РМК өкілдері қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының энергетика саласының перспективалық бағыттарын дамыту бойынша одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: