Көлік бағасының өсуіне не себеп – Роман Скляр жауап берді

ҚР үкіметі, көлік құны, тренд, қымбатшылық Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
Мұнай-газ форумынан соң ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда көлік бағасы неліктен өскенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері Қазақстанда көлік құны кем дегенде екі есе өскенін айта келе, үкімет бұл мәселені қадағалап отыр ма, соын сұрап-білді.

Қазақстанда құрастырылатын көліктердің құны барынша айқын: «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға сәйкес, көлік жиынтықтарын шығаратын зауыт пен біздің зауыт арасында делдал жоқ. Сондықтан, олар мысалы, локализация 32% деп айтса немесе көрсетсе, бұл локазилация ақшалай түрде көрініс табады – біздің көлік өндіруші 32% табыс табады, ол одан кейін оны минималды үстеме баға қойып, сататын дилерге береді, яғни баға белгілеу ашық болады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр

Спикердің айтуынша, түрлі дилерлер арқылы автокөліктерді импорттау кезінде баға белгілеу ашық бола бермейді.

Көлік бағасының өсуінің әлемдік тренді бәрімізге белгілі. Бізде белгілі корей маркасының көлігі қымбаттаса, оның дүние жүзінде қымбаттағанын көруге болады. Металл, көлік, логистика қымбаттады. Бұл – қашып құтыла алмайтын объективті трендтер. Роман Скляр
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз