Петропавлда мұнай базасы маңынан өрт шықты

Төтенше оқиға Сурет: СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Мұхтар Әуезов көшесіндегі өндірістік аймақта құрғақ шөп пен қамыс өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 13 мамырда орын алды.

Келіп түскен қоңырау бойынша оқиға орнына Петропавл қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің бөлімшелері аттанды. Өрт батпақты аумақта туындағандықтан өрт сөндірушілердің жұмысында белгілі бір қиындықтар туындады. Қаланың өртке қарсы қызметімен әріптесе жұмыс жасайтын қосымша күшті тартуға тура келді. СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Өрт

Сурет: СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Оқиға орнында "СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ, Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесінің әскерилендірілген өрт сөндіру командасы, жергілікті атқарушы органдардың, "Қызылжар су" және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары жұмылдырды. Оқиға орнында барлығы 73 адам мен 21 техникасы жұмыс істеді.

Өндірістік аймақ

Сурет: СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Өрттің жалпы ауданы 10 гектарды құрады.

Өндірістік аймақ

Сурет: СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Құрғақ шөп

Сурет: СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Өрттің шығу себебі мен залал көлемі анықталып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз