Қазақстан каскадерлары басты рольде Хоакин Феникс ойнайтын Ридли Скоттың фильміне түсті

фильм түсірілімі Сурет: Instagram/nomadstunts
Ұлыбританияда актер Хоакин Феникстің қатысуымен режиссер Ридли Скоттың жаңа фильмі түсіріліп жатыр. Бұл туындыда қазақстандықтар да ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фильмдегі шайқас көріністеріне қазақстандық Nomad Stunts каскадерлары жауапты болған. Қазақстандықтармен бірлескен жұмыстың алғашқы кадрларын ағылшын каскадерлеры жариялады. Келісімшарт талабы бойынша отандық каскадерлерға басқа ақпаратты жария етуге әлі де тыйым салынған.

«Наполеон» (Napoleon, Kitbag) деген уақытша атаумен түсіріліп жатқан фильмнің сценариін Дэвид Скарпа жазған. Онда Хоакин Феникс Наполеон рөлінде ойнап, француз көшбасшысының билікке келген уақытын сомдайды.

Түсірілім 2022 жылдың наурыз айында Линкольн қаласында (Англия) өткені белгілі болды. Фильмде алты негізгі шайқас көріністері болады. Соның ішінде Ватерлоо (1970) шайқасы да бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз