Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы болуы ықтимал жағдай тіркелді

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2022 19:23 Сурет: pixabay
16 мамырда Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны «асқазан-ішек жолдарынан қан кету, өткір ауыр ағымы» диагнозымен облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Дәрігерлер мұны «КҚГҚ-ның ықтимал жағдайы» деп топшылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы күні науқас «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) ықтимал жағдайы» диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. 

Науқас оқшауланып, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды, оның ішінде тоғыз адам - медициналық қызметкерлер, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Індеттің алдын алу мақсатында кешенді эпидемиологиялық, зоопаразитологиялық және ветеринарлық алдын алу іс шаралары тиісті мамандармен жалғасуда.  ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Шымкент қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз аймақтар қатарына жатады. Өткен жылы КҚГҚ-ның екі жағдайы тіркелген.           

Қалада кене шағып медициналық көмекке қаралған 284 адам тіркелді (2021 жылдың ағымдағы мерзімінде – 94 адам), яғни өткен жылдың осы мерзімімін салыстырғанда кене шағу жағдайы 3 есеге өскен.              

Осы ретте, Шымкент қаласында кенелердің көбеюінің және адамдар арасында КҚГҚ ауруының тіркелуінің алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатқанын еске саламыз.             

КҚГҚ ауруының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және оның аумақтық басқармаларының мамандарымен тұрақты түрде санитариялық-ағартау және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.           

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.           

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық көріністері: инкубациялық кезең (ауру қоздырғышын жұқтырғаннан аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуына дейінгі мерзім) 1-14 күнге дейін созылады, бұл кезеңнің ұзақтығы вирусты жұқтыру жолына байланысты болады. Аурудың алғашқы белгілері: дене қызуының кенеттен 39-40ᵒС-қа дейін көтерілуі; қатты бас ауыруы; көздің қызаруы; бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қызарып, ісінуімен және мойын, арқа, белдің ауыруымен; лоқсу немесе құсу; іш ауыруы немесе өтуі; ауру одан әрі дамыған жағдайда: денеде бөртпелердің пайда болуы; мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан, асқазаннан қан кету белгілері; ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілерінің байқалуымен сипатталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: