ҚР мен РФ Үкіметтерінің басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Сәрсенбі күні, 18 мамырда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, делінген ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Әңгімелесу барысында Үкімет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны және өңірлік өзара іс-қимылды арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Әлихан Смайылов пен Михаил Мишустин өзара қызығушылық тудыратын негізгі экономикалық салалар бойынша стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті.
Бөлісу
0
Толық оқу