Жаңалықтар тізбегі
0

Қаза тапқан адам – үшеу. Шымкенттегі жарылысқа қатысты тың мәліметтер жарияланды

Шымкенттегі жарылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2022 14:24 Сурет: pixabay
Шымкенттегі перзентхана маңында болған жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты: 1979 жылғы күзетші, 1980 жылғы құрылыс компаниясының жұмысшысы және бір шала туған нәресте, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов Шымкенттегі перзентхана маңындағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, жүкті және босанған әйелдерді эвакуациялау жарылыстан кейін 10 минут өткен соң қолға алынған. Облыстың бас дәрігері ұжымға кәсібилігі үшін алғыс айтты.

Бұл арада, ең бірінші, ұжымға үлкен алғыс айтқым келеді! Жарылыс болды, медбикеден бастап дәрігерге дейін, бір де бірі "Өз өмірім қымбат" деп бас сауғалап қашып кеткен жоқ. Барлығын эвакуациялап болғанша, барлығы жұмыс орнында болды. Облыс әкіміне, Денсаулық сақтау министрлігіне рахмет. Тіпті қарапайым тұрғындар, көршілер көліктерімен келіп, адамдарды эвакуациялады. Бұл дегеніміз не? Әрине, адами фактор бар. Осындай жарылыс болсын деген жоқ қой, ешкім. Қалай дегенмен де кімнің кінәлі екенін тергеу анықтайды. Марат Пашимов

Марат Пашимов жарылыс салдарынан үш адам қаза тапқанын жеткізді: 1979 жылғы күзетші, 1980 жылғы құрылыс компаниясының жұмысшысы және бір шала туған нәресте.

Туыстарының айтуынша, қаза тапқан күзетшінің үйленгеніне үш ай болған. Әйелі жүкті. Оның бәрін біліп отырмыз, барлығын өз мойнымызға алдық. Материалдық тұрғыда көмектесеміз. Несиелері бар дегендей, қандай жағдай болғанда да көмектесеміз. Марат Пашимов

Ал қайтыс болған жұмысшыға жұмыс беруші тарапынан материальдық көмек көрсетіледі.

Қайтыс болған нәресте үшемнің бірі болған. Үшемнің бірі жарылысқа дейін көз жұмған, екіншісі жарылыс кезінде қаза тапқан.

Одан бөлек жарылыс кезінде сегіз адам зардап шеккен. Бесеуі – перинаталдық орталықтың қызметкерлері, екеуі – интернет жүргізіп жүрген жұмысшылар, біреуі – қаза тапқан жұмысшы.

Босанған әйелдерге физикалық түрде зардап тиген жоқ, олардың шошып қалғаны рас, әйелдерге қазір психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр.

Ғимаратқа ешкімді кіргізбейді, ешкімді әкеліп жатқызып жатқан да жоқ. Қазіргі уақытта жаңа босанған әйелдер басқа ауруханаларға орналастырылып жатыр. Перзентхана тергеу рұқсат еткеннен кейін ғана жұмысына кіріседі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: