Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайберген Германияда сұхбат беріп, ең ұлы музыкантты атады

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2022 10:49 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген танымал америкалық әнші Леди Гаганың продюсері Ральф Саймонға сұхбат берді. Әнші әңгіменің үзіндісін Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайберген Германияға барды. Ол Ральф Саймонға берген сұхбатында балалық шағындағы естеліктерін бөлісіп, ұстаздары мен тәлімгерлеріне алғысын білдірді.

Сонымен қатар жүргізуші Ральф Саймон неміс кинокомпозиторы Ганс Циммер Құдайбергенмен кездесуге мүдделі екенін хабарлады.

Бұл деген арман ғой. Ол керемет адам! Меніңше, ол №1. Ең ұлы және ең тамаша музыкант. Керемет музыкант және ұлы ақыл иесі.Димаш Құдайберген

Димаштың жанкүйерлері өнер иесін қолдап, сұхбат өте жылы әрі шынайы болғанын айттып, пікір қалдырып жатыр.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген бірнеше күн бұрын Германияға барған еді. 20 мамырда Димаш Мюнхен қаласына Digital Life Design конференциясына қатысу үшін келді.

Еуропадағы ең инновациялық конференцияларының бірі Digital Life Design 20 мамырда Германияның Мюнхен қаласында басталды. Оған танымал жаңашылдар, кәсіпкерлер мен әртістер қатысады. Олар аудиториямен өздерінің қызық идеялары мен көзқарастарын бөліседі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: