Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Тоқаев форумда, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2022 18:26 Сурет: Telegram/БОРТ N1
Мемлекет басшысы Қырғызстанға ресми сапары аясында «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі еуразиялық экономикалық интеграция. Инвестициялық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өткен Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына онлайн-форматта қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін ЕЭО кеңістігіндегі өзара сауда-саттықты арттырудың перспективаларына және Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысын жетілдіруге арнады.

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық бірігу үдерісіне қатысушы мемлекеттер арасындағы еркін сауданы дамыту мақсатында тиісті жағдай жасау үшін құрылғанын айтты.

Еуразиялық экономикалық одақ күрделі геосаяси жағдайда өзінің тиімділігін көрсетті. Біз мұны көріп отырмыз. Еуропалық одақтағы және басқа да экономикалық ұйымдардағы сияқты бұл Одақта түрлі мәселелер туындап отыратынына таң қалуға болмайды. Әрбір мемлекет ұлттық мүддесін өздігінше көздейді. Әрбір мемлекет туындаған мәселені өздері дұрыс деп санаған пікірі бойынша шешілгенін қалайды. Бұл әрбір халықаралық, әсіресе саудамен айналысатын ұйымдарға тән жағдай, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссияның қызмет жөнінде де айтты. Оның пікірінше, Комиссия табысты жұмыс істеп жатыр.

Бүгінге дейін Еуразиялық экономикалық комиссия аясында өткізілген консультациялар нәтижесінде кедергілердің 80 пайызы жойылды. Бұл күрделі жұмыс жалғасын табады деп үміттенеміз. Интеграция – көп еңбек сіңіруді және мүше мемлекеттер арасында ымыраға келуді қажет ететін үдеріс. Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияның нақты нәтижеге жәй сөзбен емес, нақты іспен қол жеткізгенін қолдайды. Кез келген мәселені іскерлікпен шешкен жөн. Себебі халықтарымыз бұл мәселелердің ұзақ созылғанын күтпейді, қазір шешілгенін қалайды. Олар мәселені шешудің дұрыс жолы осы деп санайды.Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: