Алматы маңында жер сілкінді

Зілзала Сурет: University of Utah Seismograph Stations
Қаладан солтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым жерде 10 шақырым тереңдіктен жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Табиғи құбылысты ҚР ТЖМ "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 26 мамырда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:50-де тіркеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы -11,1.

MPV магнитудасы - 5,5.

Алматыда сезілуі бойынша мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша) – 2-3 балл.

Жағдай тұрақты. Тұрғындардан "112" және "101" шұғыл байланыс желісіне қоңырау келіп түскен жоқ.

"Қазселденқорғау" ММ хабарламасына сүйенсек, гидротехникалық құрылыстарда деформация, шөгу және жарықшақтардың пайда болуы анықталған жоқ.

Департамент жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы еске салды:

  • ғимараттан шығыңыз (15-20 секунд уақытыңыз бар);

  • егер жоғарғы қабатта болсаңыз, сыртқы есіктің аузына немесе, үйдің негізгі қабырғаларының бұрышына балаларды өзіңізге қаратып құшақтап тұра қалыңыз;

  • терезе маңайына жоламаңыз және балконнан да секіруге болмайды;

  • ғимараттардан, құрылыс нысандарынан, бағаналар мен қоршаулардан аулағырақ тұрыңыз;

  • үйге кіруге асықпаңыз, дүмпулер қайталануы мүмкін;

  • жеделсатыны пайдаланбағаныңыз жөн;

  • сіріңке, майшам жақпаңыз;

  • антенна сымдарына тиіспеңіз;

  • зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз