Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 99 мыңнан астам отбасы кедейлік жағдайынан шықты – Еңбек министрлігі

Қазақстан, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, АӘК, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2022 14:18 Сурет: Zakon.kz
2020 және 2021 жылдары атаулы әлеуметтік көмек алған 99 220 отбасы мемлекеттік қолдау шарасының арқасында кедейлік жағдайынан шықты. Бұл туралы брифингте ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cпикер 2020 жылдан бастап Қазақстанда АӘК көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілгенін еске салды:

  • табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау (отбасының әрбір мүшесіне айына орта есеппен 10 270 теңге);

  • тұрмысы төмен отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама (әлеуметтік топтама) ұсыну (бір балаға айына орта есеппен 8 мың теңгеге дейін).

Бұл ретте АӘК алатын отбасыларға өмірлік қиын жағдайдан шығу бойынша жәрдем шаралары көрсетіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек – бұл мемлекеттен уақытша қолдау. Оның бастапқы мақсаты – жұмысқа қабілетті отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ынталанған отбасыларға гранттар беру, кәсіпкерлік бастаманы қолдау, қажет болған жағдайда біліктілікті арттыру курстарына жіберу арқылы табысы аз отбасыларды кедейлік жағдайынан шығаруға қол жеткізу.Асқар Ниязов

Оның айтуынша, өткен жылы АӘК-ті жалпы сомасы 65,6 млрд теңгеге 198,4 мың отбасы (990,5 мың адам), биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 18,8 млрд теңгеге 111,4 мың отбасы (571,1 мың адам) алды.

Өңірлік бөліністе 2021 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылардың ең көп саны Шымкент қаласында – 47,2 мың отбасы (23,8%), Түркістан облысында – 42,9 мың отбасы (21,7%) және Алматы облысында – 22,6 мың отбасы (11,4%) байқалады.

АӘК алушылар саны ең аз өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан облысы-2,7 мың отбасы (1,3%) және Атырау облысы – 1,6 мың отбасы (0,8%).

Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алып отырған 571,1 мың адамның 63,6%-ы немесе 363,1 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар. Бұл ретте жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес АӘК алушы отбасылардың 99%-да кемінде бір баласы болады. Көмек алушы отбасылар арасында көпбалалы отбасылар саны 40,4% (44 966 көпбалалы отбасы). Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,5 -ға жоғары (37,9%), – деп атап өтті Асқар Ниязов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: