Степногорскіде ұшты-күйлі жоғалып кеткен әжей үйінен үш шақырым жерден табылды

Марапат Сурет: ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Степногорскіде Ұлттық ұлан сарбаздары 1939 жылғы зейнеткерді табуға көмектесті. Есте сақтау қабілетінен айырылған әйел үйінен белгісіз бағытқа қарай шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оны іздеуге Ұлттық ұланның №3517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен волонтерлар тартылды.

Үш күннен кейін әжейді сержант Сайран Нұрғалиев пен оның Рая атты қызметтік иті Степногорскіден үш шақырым жерден тауып алды.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Баспасөз қызметі атап өткендей, әскери қызметші марапатқа ұсынылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз