Ресей инертті газ экспортын шектеді

Ресей, инертті газ, неон, микросхема Сурет: pixabay
Үкімет қаулысына сәйкес, жартылай өткізгіштер мен микросхемаларды өндіруге қолданылатын неон, аргон, гелий және басқа да газдар шектеулі мөлшерде сатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

iz.ru мәліметінше, Ресей әлемдік нарыққа неонның 30%-ын жеткізеді. Енді Индустрия және сауда министрлігінің ұсынысы негізінде үкіметтің шешімімен ғана жеткізу мүмкін болады.

Микросхемалар электроника үшін өнімнің көптеген түрін өндіруге қолданылады: гаджеттер, автомобильдер, навигациялық жүйелер және т.б.

Наурыздың ортасында Ресей билігі ЕАЭО-ға астық, үшінші елдерге қант экспортына уақытша тыйым салған. Астыққа шектеу 30 маусымға дейін, қантқа 31 тамызға дейін күшінде болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз