Қазақстан ОПЕК келісімі шеңберінде мұнай өндірісі көлемін арттырады

ОПЕК+елдері Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Шілде және тамыз айларында ОПЕК + елдері тәулігіне өндірілетін мұнай өндірісін 648 мың баррельге арттырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 маусымда бейнеконференция форматында өткен ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысында Қазақстан атынан Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты.

Отырыс барысында сәуір айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін шілде айында тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру және артық өндіру өтемақысы кезеңін 2022 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның шілде айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,680 млн баррельді құрайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз