«Шымкент жастар лигасы» мәресіне жетті

жастар лигасы аяқталды Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкентте оқушылар арасында өткен «Шымкент жастар лигасы» атты спорттық жарыс мәресіне жетті. Айтулы жарыс спорттың төрт түрі, атап айтқанда, футбол, баскетбол, волейбол және шахмат бойынша өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 80 миллион теңгені құрады. Яғни, әр спорт түрі бойынша жеңімпаз атанған командаға 20 миллион теңгеден ақшалай сыйлық табыс етілді. Бұл қаржы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалады.

жастар лигасы мәресіне жетті

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жастар лигасының салтанатты жабылу рәсімінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сөз сөйлеп, жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады.

жастар лигасы

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Міне, екінші жыл бұқаралық спортты дамытуда үлкен жоба бастап, өз нәтижелерін көрсетіп келеді. Мұндағы басты мақсат — жастардың кәсіби спортқа бет бұруының бастамасын мектеп кезінен қалыптастыру. Екінші жағынан, еңбекқорлығымен, әрекетімен өз білім ұяларының абыройын көтеру, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

жастар лигасы

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен «Шымкент жастар лигасында» шахмат бойынша — Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейдің, волейбол бойынша Әл-Фараби атындағы №113 мектептің, баскетбол бойынша — М.Х.Дулати атындағы мектеп-гиманзиясының, футбол бойынша — Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гиманзияның командалары лиганың чемпионы атанды.

Айта кетейік, жарысқа Шымкенттегі 151 орта мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты.

жастар лигасы

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз