Ғалымдар ШҚО-да қуғын-сүргінге ұшырағандар лагері болғанын мәлімдеді

ШҚО, Қуғын-сүргінге ұшырағандар лагері, лагерь, Ермаклаг Сурет: pexels
Лагерь жабылған кезде 2715 адам болған, онда 400-ден астам адам 58-бап бойынша жазасын өтеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Алтайтану» зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі Нелли Краснобаева ШҚО аумағында бірінші деңгейдегі құпиялық лагерінің бар екендігін растайтын құжаттар туралы айтты, деп жазды altaynews.kz басылымы.

Ғалымның айтуынша, Ресейдегі мұрағаттарда жарияланған құжаттар мен интернет-ресурстарының дерекқорымен жұмыс істеу кезінде  «790 және ИТЛ құрылысы» ГУЛАГ НКВД лагері туралы ақпарат табылды.

Ол 1951-1953 жылдары Глубокое ауданындағы Түркістан-Сібір темір жолының Аврора станциясы, Ертіс химия-металлургия зауытында орналасқан. Лагерь тұтқындарының еңбегі Первомайский кентінде Ертіс химия-металлургия зауытының құрылысына қызмет көрсету үшін пайдаланылды.«Алтайтану» зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі Нелли Краснобаева

Зерттеу орталығының ғылыми жетекшісінің сөзінше, 1953 жылы лагерь бөлімшесі Ермаклаг болып өзгертілді. РФ мұрағаттарының мәліметтері бойынша, Лагерь жабылған кезде 2715 адам болған, онда 400 – ден астам адам 58-бап бойынша жазасын өтеген. Нелли Леонидовнаның айтуынша, бұл құжаттарға қол жеткізу қиын болған.

Тұтқындар өнеркәсіптік құрылысқа, бұрғылау жұмыстарына, электр желілерін салуға, бетон зауыты мен құм карьеріне қызмет көрсетуге, теміржол құрылысына пайдаланылды, сонымен қатар олар тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізіп, қызметтік және казармалық үй - жайлар салған. , - деп жалғастырды.Нелли Краснобаева
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз