ҰБТ-ның аралық қорытындысы: талапкерлердің 67%-ға жуығы шекті балды жинады

ҰБТ, тестілеу Сурет: Zakon.kz
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 90 мыңнан астам талапкер тест тапсырды. Оның ішінде түлектердің 74,7%-ы тестті қазақша, 25,2%-ы орысша, 0,1%-ы ағылшынша тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰБТ басталғалы шекті балды 67%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол – 65 балл.

Ұлттық тестілеу орталығы биылғы ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялады. Бүгінде 119 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 118 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды.

Еске сала кетейік, ҰБТ-ға кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Биыл тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты бойынша өтеді.

Былтыр Face-ID жүйесі мен бақылауды күшейтудің нәтижесінде бөгде адамдарды кіргізуге тырысқан 18 жағдай анықталды. Биыл біз алғаш рет бөгде адамдарды кіргізуге тырысу фактісін тіркедік. ҰБТ-ның үшінші аптасында қатысушы өзінің орнына басқа тұлғаны жіберген. ҰБТ-ға кіргізу барысында Face-ID жеке басын сәйкестендіру жүйесі бөгде адамды анықтады. Тиісті іс-шаралар қабылданды, тестіленуші мен тестілеуге кіруге талпынған бөгде тұлға бойынша дерек құқық қорғау органдарына жіберіледі, – деді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Талапкерлердің, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін ҰБТ тапсыру уақыты 40 минутқа ұзартылды. Сонымен қатар олар үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар жасалды. Қабылданған шаралар арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар тестіленушілер саны артып келеді. Егер 2021 жылы негізгі ҰБТ-ға 90 бала қатысса, биыл үш аптада тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 310 бала қатысты.

Жалпы негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 290 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 16 мамырда басталып, 2022 жылғы 5 шілдеге дейін жалғасады. Бұл ретте талапкерлер тестілеу орны мен уақытын өздері таңдады.

Биыл талапкерлерге ыңғайлы болу үшін алғаш рет ҰБТ-ның күнін, уақытын, орны мен бейіндік пәндерін еске салатын SMS жолданатын болады. Хабарлама ҰБТ-ға қатысушылардың өздеріне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған тестіленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жіберіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз