Нұр-Сұлтанда 64 адам уланып қалды

дәрі, улану, медицина Сурет: pixabay
Нұр-Сұлтанда жаппай тамақтан улану тіркелді. Бүгінге дейін 64 науқас медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы елордалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 және 10 маусымда Нұр-Сұлтан қалалық СЭБД аумақтық департаменттеріне тамақтан уланудың тіркелгені туралы жедел хабарламалар келіп түсті.

Науқастардың барлығы ауруды елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақ өнімдерін жегенімен байланыстырды. Жаппай тамақтан уланудың тіркелуіне байланысты Байқоңыр аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Байқоңыр ауданының полиция бөліміне ақпарат жолдады. Полиция бөліміне түскен ақпарат негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталып, ҚР Қылмыстық кодексi 304-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық ісі қозғалды.Нұр-Сұлтан СЭБД баспасөз қызметі

10 маусымда Байқоңыр ауданы әкімшілігі қоғамдық тамақтандыру нысанын жоспардан тыс тексеруді бастады.

Тексеру барысында мынандай бұзушылықтар анықталды:

  • объектінің мәлімделген жобалық қуаты мен нақты қуаты арасындағы сәйкессіздік (хабарлама 50 желілік метрге дейін делінген, іс жүзінде 50 желілік метрден астам ұсынылды);

  • бүкіл технологиялық процесс бір асүй бөлмесінде жүзеге асырылады, шеберхана бөлімі (секцияларға бөлу) жоқ;

  • технологиялық процестер қадағаланбайды;

  • кесу жабдықтарын таңбалау, пайдалану және сақтау талаптары сақталмаған;

  • дайын тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын сақтау кезінде тауарлық көршілестік қағидаты сақталмайды;

  • персоналда ірің және жұқпалы аурулардың бар-жоғын тексеру журналы жоқ.

Тексеру кезінде зертханалық зерттеу үшін жағындылар, шикізат пен дайын өнімнің үлгілері таңдалды. Кәсіпорынның 15 қызметкері патогенді микрофлора бар-жоқ екенін анықтау үшін тексерілді. Нәтижелер зерттеуге берілді. Бүгінде 64 науқас медициналық көмекке жүгінді, оның 52-сі стационарда жатыр, 12-сі амбулаторлық ем алады.Нұр-Сұлтан СЭБД баспасөз қызметі

Ведомство жоспардан тыс тексеру және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатқанын айтты.

«Нұр-Сұлтан» СЭБД тамақтан улану мен жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында халыққа жеткізу қызметі бар жарнамалық кітапшаларды пайдаланбауды, жосықсыз кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан азық-түлік өнімдері мен дайын тағамдарды сатып алмауды, тиісінше, тұтынбауды кеңес етеді, – деді елордалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз