Шымкенттік тұрғынды балтамен қорқытқан ер адам ұсталды

балтамен қорқытты Сурет: pixabay
Шымкентте ұландықтар төбелескен қарсыласын балтамен қорқытқан жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 10 маусым күні орын алған. Шымкент қаласының “Шығыс” шағын ауданында патрульдік қызмет кезінде әскери жасақ екі азаматтың жанжалдасып жатқанын байқайды.

Сарбаздар келеңсіз жайттың себебін білмек болады. Сол сәтте ер адамдардың бірі екіншісіне балтамен ұмтылады. Тәртіп сақшылары балта ұстаған тұрғынды дер кезінде қарусыздандырады.

Біз патрульдік бағытты айналып өтіп, екі тұрғынның қоғамдық тыныштықты бұзып жатқанын байқадық. Жанжал күшейіп, қақтығыс қайғылы оқиғаға ұласып кете жаздады, араласуға тура келді, – деп жауап берді патрульдік топтың бастығы Оразхан Орынбасар.

Аталмыш оқиға бойынша тәртіп бұзушылар Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз