Шымкентте үздік тауарлар көрмесі өтті

Үздік сапа Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласында 17-19 маусым күндері «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік байқау-көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық саябақта қаланың азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені мен құрылыс индустриясының 70-тен астам тауар өндірушілері өз экспозицияларын орналастырды.

Көрме

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Үздік сапа иесін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер қатысты. Шаһар басшысы павильондарды аралап, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты.

Көрме

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл жылғы көрмеге алғаш рет оннан астам жаңа компаниялар қатысуда, олардың ішінде «Бесқұдық тас» ЖШС (декоративтік тастар өндірісі), «Topseller of chemical products» ЖШС (дезинфекциялаушы және жуғыш заттар өндірісі), «Qut-Bereke Qurylys» ЖШС (металл құрылымы), «Quraq group» ЖШС (трансформер жиһазы), «Alem Luxury» ЖШС (жиһаз), «БАРАКА» ЖК (сүт өнімдері), «NURTAU distribution company» ЖШС (сұлы шоколад кәмпиттері мен сағыз өндірісі), «Петухова» ЖК (бөлмеаралық есіктер) бар. Мұнда ірі компаниялар ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдері де өздерін таныта алады. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Үздік тауарлар көрмесі

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Арнайы құрылған сараптамалық комиссия үш номинация бойынша конкурс дипломанттарын таңдайды:

  • «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

  • «Үздік азық-түлік тауарлары».

Жеңімпаздар жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары-2022» республикалық байқауына қатысады, делінген хабарламада.

Көрме

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз